Accessibility links

"Мәңгілік полк" шеруінде Жээнбековті сурет пен видеоға түсіруге тыйым салынды


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков "Мәңгілік полк" шеруінде. 9 мамыр 2018 жыл.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков "Мәңгілік полк" шеруінде. 9 мамыр 2018 жыл.

Бішкекте жыл сайын 9 мамырда өтетін "Мәңгілік полк" шеруіне биыл да Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қатысады. Бірақ журналистерге президентті видео мен фотоға түсіруге тыйым салынды. Билік өкілдері дрондарға да тыйым салып, оларды "ұшырып түсіретінін" айтты.

Бішкек қалалық кенешінің (әкімдік – ред.) Азаттықтың Қырғыз қызметіне айтуынша, президент аппараты шеру кезінде түсірілім ережелерін БАҚ-қа түсіндіруді сұраған.

Ереже бойынша, Жээнбеков шеруге қосылған соң президентті фото мен видеоға түсіруге болмайды. Оның сурет-видеосын президенттің баспасөз қызметінің өзі таратады. Сондай-ақ мемлекеттік КТРК арнасы шеруден тікелей эфирде хабар таратады. "Мәңгілік полкті" Жээнбеков кеткен соң түсіруге болады.

Жыл сайын Қырғызстанда 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу мақсатында "Мәңгілік полк" шеруі өтеді. Бішкектегі шеруге мыңдаған адам қатысады.

Қазақстанда "Мәңгілік полк" шеруі Алматы мен Нұр-Сұлтанда дәстүрге айналған. Бірақ Ақтөбе қаласының әкімдігі бұл шараны өткізуден бас тартты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG