Accessibility links

Пәкістан кесенесіндегі жарылыстан кем дегенде сегіз адам қаза тапты


Сопылар кесенесіндегі жарылыстан соң ғимарат маңын күзетіп тұрған полицейлер. Лахор, 8 мамыр 2019 жыл.
Сопылар кесенесіндегі жарылыстан соң ғимарат маңын күзетіп тұрған полицейлер. Лахор, 8 мамыр 2019 жыл.

Пәкістанның Лахор қаласындағы сопылар киелі санайтын орында 8 мамырда жарылыс болып, кем дегенде сегіз адам қаза таза тапты. 25 адам жарақат алған. Пәкістан ішкі істер министрлігінің өкілі Ариф Наваз Хан шабуылды полиция көлігі маңында әлдебір жанкештінің жасағанын хабарлады. Құрбандардың бесеуі – полицей.

Шабуыл жасалған сәтте Дата Дарбар ғибадатханасының маңында жүздеген адам жүрген. Пәкістан премьер-министрі Имран Хан шабуылды сөкті. Премьер "шабуылға дайын болғандарын, бірақ ғибадатханаға қатер төніп тұрғаны туралы хабар болмағанын" айтты.

Лахордағы кесене – Оңтүстік Азиядағы ең ірі кешендердің бірі. Мұнда жыл сайын жүздеген мың адам келіп, мінәжат етеді. Кесенеге 2010 жылы да шабуыл жасалып, 40-тан аса адам қаза тапқан. Ғимаратты күшейтілген күзет бақылайды.

Сүннит экстремистері сопыларды дұшпан тұтады. Олар сопылардың мінәжат ететін орындарға бұған дейін де шабуыл жасаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG