Accessibility links

Иран ядролық келісім талаптарының кейбірін орындаудан бас тартты


Иран президенті Хасан Роухани (оң жақтан екінші).
Иран президенті Хасан Роухани (оң жақтан екінші).

Иран ядролық келісім аясындағы міндеттемелерінің кейбірін орындаудан бас тартты. Бұл туралы Иран президенті Хасан Роухани хабарлады.

"Тегеран байытылған уран мен ауыр суды сатуды доғарып, елде сақтаймыз" деді Роухани. Сондай-ақ ол 60 күннен соң ел байытылған уранды қайта өндіретінін ескертті.

Тегеран бұл шешім туралы келісімдегі өзге елдерге – Франция, Германия, Еуропа одағы, Ресей, Қытай мен Ұлыбританияға ескертті. Роухани "бұл – АҚШ қысымына төтеп бере алмайтын келісімге мүше елдердің қауқарсыздығына Ислам Республикасының білдірген реакциясы" деді.

7 мамырда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иракқа барып, елдің премьер-министрі Адил Абдул-Махдимен және бірнеше шенеунікпен Иран қатері туралы талқылады. Помпеоның сөзінше, Иран Ирактағы америкалық әскерилерге шабуыл жасауы мүмкін.

2015 жылы шілдеде Иран мен алты мемлекет - АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания, Ресей және Франция арасында қол қойылған келісім бойынша, Тегеран ядролық бағдарламасын шектейтін болса Иранға қарсы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі салған халықаралық санкцияларды және АҚШ пен Еуропа Одағының санкцияларын жұмсарту көзделген.

Дегенмен былтыр АҚШ президенті Дональд Трамп, Вашингтон келісімнен шығатынын Тегеранға қарсы санкцияларды қайта жандандыратынын мәлімдеген. Өзге жақтастары келісімді күшінде қалдыруға тырысып келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG