Accessibility links

Ермек Сағымбаев Тоқаевтың күзет қызметін басқарады


Ақорда
Ақорда

Ермек Сағымбаев Қазақстан мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан президенті күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сағымбаевты жаңа қызметке тағайындау туралы бұйрығы 8 мамырда Ақорда сайтында жарияланды.

Ақорда сайтында Сағымбаевтың бұған дейін қандай қызмет атқарғаны жайлы дерек жарияланбады. Ашық ақпарат көздерінен де Сағымбаев туралы ақпарат табу қиын.

Қазақстан президенті күзет қызметі 1992 жылы құрылған. Міндеті - Қазақстан президенті мен айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазақстан мемлекеттік күзет қызметін қазір Ардақ Әшімбекұлы басқарады. Бұл қызметке оны бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың қараша айында тағайындаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG