Accessibility links

Ресей Швецияның екі дипломатын елден шығарды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей швециялық екі дипломатты елден шығарды. Бұл туралы Швеция сыртқы істер министрлігіне сілтеп, жергілікті БАҚ хабарлады. Бұған дейін Стокгольм Ресей елшілігінің бірнеше қызметкеріне виза бермеген. РИА "Новости" агенттігі Мәскеудің әрекетін Швецияның сол шешіміне жауап деп атады.

Ресей сыртқы істер министрі бұл туралы әлі ресми пікір білдірген жоқ. Ал Стокгольм Мәскеудің екі дипломатты елден шығарғанына өкініш білдірді.

Биыл ақпан соңында швед полициясы Ресей пайдасына тыңшылық етті деген айыппен бір азаматты ұстағанын хабарлаған. Тергеу бойынша, оны дипломатиялық миссия өкілдерінің бірі "алдап-арбаған". Швеция Ресей өкілінің елден шығуын сұраған. Мәскеу бұл айыптарды жоққа шығарады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG