Accessibility links

Қазақстан Жеңіс күнін атап өтіп жатыр


"Мәңгілік полк" шеруі. Шымкент, 9 мамыр 2019 жыл.
"Мәңгілік полк" шеруі. Шымкент, 9 мамыр 2019 жыл.

Қазақстан халқы 9 мамыр – Жеңіс күнін атап өтіп жатыр.

Мемлекеттік БАҚ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды атаулы күнмен құттықтағанын хабарлады. Қазақстанның бірнеше қаласында 9 мамырда "Мәңгілік полк" шеруі өтеді. Шымкенттегі шеруге жүздеген адам қатысты.

Бұл акцияны алғаш рет 2012 жылы Ресейдің Томск қаласындағы журналистер бастаған. Шара 2015 жылы жалпыресейлік сипатқа ие болды. Шеруде соғысқа қатысқан адамдардың ұрпақтары олардың портретін ұстап, өңірлеріне Георгий лентасын тағып шығады.

Украина парламенті 2015 жылы сәуірде коммунизмнен арылу саясаты аясында 8 мамырды атаулы дата ретінде мақұлдаған. Украиналықтар 9 мамырды Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күні ретінде емес, Екінші дүниежүзілік соғыста нацизмді жеңген күн ретінде атап өтеді.

Орталық Азиядан Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар саны шамамен 3 миллион 600 мың адамнан асады. Шамамен 1 миллион 310 мың адам – қаза тапқандар қатарында. Әдетте тұтқынға түскендер саны нақты айтылмайды. Сондықтан ондайларды кейде қаза тапқандар санына қосып "майданнан қайтпай қалғандар" немесе "хабар-ошарсыз кеткендер" деп көрсетеді.​

Оқи отырыңыз: Жеңіс күні белсенділерді ұстап, интернетті бұғаттады

9 мамырда Қазақстанда бірқатар вебсайт пен әлеуметтік желі бұғатталып, белсенділерді полиция ұстады.

Бұған дейін елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы Қазақстанның бірнеше қаласында 9 мамыр күні "Мәңгілік полк" шеруімен қатар митингі өткізгелі жатқанын хабарлаған.

8 мамырда Қазақстан билігі азаматтарды 9 мамырда заңсыз митингіге шықпауға шақырып, қатысқандардың "қатаң жауапқа тартылатынын" ескерткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG