Accessibility links

Бағдаттағы жарылыстан бірнеше адам мерт болды


Бағдат қаласы. Көрнекі сурет.
Бағдат қаласы. Көрнекі сурет.

9 мамырда Ирактың Бағдат қаласындағы базарлардың бірінде болған жарылыстан кем дегенде 8 адам мерт болып, 15 адам жараланды. Полицияның сөзінше, жанкешті адамдар көп жиналатын базарда өз-өзін жарып жіберген.

ДАИШ экстремистік тобы онлайн мәлімдеме жариялап, Бағдаттағы шабуылды өз мойнына алды. Шабуыл 9 мамыр кешкісін - тұрғындар ауызашардан кейін, көшеге шыққан кезде болған.

Бағдатта бұған дейін де бірнеше жарылыс болған. 2018 жылы қарашадағы шабуылдан алты адам, 2019 жылы қаңтардағы жарылыстан ондаған адам мерт болған.

ДАИШ экстремистік тобы 2014 жылы Ирактың біраз аймағын басып алған. Кейін Ирак билігінің әскери АҚШ-тың көмегімен ДАИШ иелігіндегі территорияларды қайтара бастады. 2017 жылы Ирак билігі ДАИШ тобын толық жеңгенін хабарлады. ДАИШ тобы Сириядағы аумағынан да айырылған. Бірақ екі елде де ДАИШ-тың жақтастары бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG