Accessibility links

Қырғызстандағы мұнай базасында өрт шығып, 2 мың адам эвакуацияланды


Өрт шыққан мұнай базасы. Жалал-Абад, 10 мамыр 2019 жыл.
Өрт шыққан мұнай базасы. Жалал-Абад, 10 мамыр 2019 жыл.

10 мамырда Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында мұнай базасында өрт шығып, кем дегенде екі адам зардап шекті. Бірінің денесінің 50 пайызын күйік шалған, аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Бір өрт сөндірушінің беті күйіп, ауруханаға түскен. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Қырғызстан төтенше жағдай министрлігінің мәлімдеуінше, өрт сөндіру әлі жалғасып жатыр. Оқиға орнына жеті өрт сөндіргіш көлік келген. Өрт болған аймақтан екі мың адам эвакуацияланды.

Төтенше жағдай болған мұнай өңдеу базасының жанында тұрғын үйлер болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG