Accessibility links

ЕҚЫҰ өкілі Қазақстандағы интернеттің бұғатталуына алаңдайды


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз еркіндігі бойынша өкілі Арлем Дезир.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз еркіндігі бойынша өкілі Арлем Дезир.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз еркіндігі бойынша өкілі Арлем Дезир Twitter-дегі аккаунтында Қазақстанда 9 мамырда онға жуық сайттың бұғатталуына байланысты пікірін айтты.

Ол жазбасында ел аумағынан сол күні ашылмай қалған holanews.kz, vlast.kz, informburo.kz, exclusive.kz және Азаттық сайттарын атап өтті. Қазақстанда "әлеуметтік желілер мен сайттардың уақытша бұғатталуына" алаңдап отырғанын жеткізген Дезир Қазақстан билігі "еркін ақпарат және шексіз интернет байланысымен қамтамасыз етуі тиіс" деп айтты.

Бұған дейін "Шекарасыз тілшілер" халықаралық журналистер құқығын қорғау ұйымы да Қазақстандағы интернеттің бұғатталуын сынап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты “Нұрсұлтан Назарбаев қолданып келген репрессивті әдістерден бас тартуға” шақырған еді.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша бөлімінің жетекшісі Джохан Бир "халықтың ақпарат алу құқығын бұзуды ешнәрсе де ақтай алмайды" деп айтқан.

9 мамыр таңертең Қазақстанда кем дегенде тоғыз вебсайт ашылмай қалды. Олардың арасында Азаттық радиосының сайты да болды. Әлеуметтік желілерге де кіру қиындады.

Бұл күні елдегі бірнеше қалада полиция көшеге шыққан азаматтар мен белсенділерді ұстады.

Қарай отырыңыз: Полиция адамдарды қалай ұстады? (9 мамыр 2019 жыл).

Полиция адамдарды қалай ұстады?
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:15 0:00

Кемінде бір адамның үстінен "елде тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты" (Қылмыстық кодекстің 405-бабы) деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстанда соңғы жылдары интернет қолданушылар сайттар, әлеуметтік желілер және мессенджерлердің бұғатталатынына жиі шағымданады. Билік өкілдері "бұғаттауға қатысымыз жоқ. Қолданушылар саны өскен сайын техникалық ақау жиі болады" дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG