Accessibility links

Литвада президент сайлауында бірде-бір кандидат 50 пайыздан артық дауыс жинай алмады


Вильнюстегі сайлау учаскелерінің бірі. 12 мамыр 2019 жыл.
Вильнюстегі сайлау учаскелерінің бірі. 12 мамыр 2019 жыл.

Литвада жексенбі, 12 мамырда өткен президент сайлауында бірде-бір кандидат 50 пайыздан артық дауыс жинай алмады. Президент сайлауының екінші кезеңі 26 мамырда - Еуропа парламентіне депутаттарды сайлаумен қатар өтеді.

Президенттіктен үміткер ретінде 9 адам тіркелген. Елдің қазіргі президенті Даля Грибаускайте бес жылдан екі рет президенттік өкілетін атқарды.

Сайлауға дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 56 пайызы қатысқан. Сайлау кампаниялары азаматтардың экономикалық теңсіздік және жемқорлыққа қарсы наразылықтарымен қатар өтті.

Сайлау алдында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы үш саясаткердің жеңіске жетуі мүмкін екенін көрсеткен: елдің бұрынғы премьер-министрі Ингрида Шимоните (консерватор), премьер-министр Саулиус Сквернелис (солшыл-центрист) және экономист Гитанас Науседа (оңшыл-центристердің тәуелсіз кандидаты). Олардың бәрі де Еуропамен қарым-қатынасты нығайтуды қолдап, НАТО-мен әріптестік орнатуды жақтайды.

2016 жылдан бері ел үкіметін басқарып келе жатқан Сквернелис бұған дейін "сайлау нәтижесі қандай болмасын, премьер-министр қызметінен кететінін" мәлімдеген.

Литва президенті елдің сыртқы саясатына жауапты, Еуропа Одағының саммиттеріне мемлекет атынан қатысады. Президент министрлер, сот, бас штаб жетекшісін, орталық банк басшыларын тағайындайды. Оның шешімін парламент немесе премьер-министр қолдауы тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG