Accessibility links

Алматы - Бішкек трассасында жол апатынан тоғыз адам қаза тапты


Алматы облысының картасы.
Алматы облысының картасы.

Алматы облысында жол апатынан тоғыз адам қаза тапты деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция ақпараты бойынша, оқиға 12 мамыр күні таңертең Алматы-Бішкек трассасының 109-шы шақырымында болған.

"Жол апатынан 9 адам қаза тапты, олардың үшеуі - әйел" делінген дүйсенбі, 13 мамырда таратылған полиция хабарламасында.

Полицейлер қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болғанын айтты.

"Қаза тапқандар Алматы, Шымкент қаласы және Түркістан, Алматы облысының тұрғындары. Алдын ала болжам бойынша, Lada жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың қарама-қарсы бөлігіне өтіп кетіп, Toyota Camry көлігінің маңдайша терезесіне соғылған. Қазір бұл факті бойынша қажетті сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 345-бап, 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол ережесі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы”) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды" делінген хабарламада.

Сәуір айының соңында Қордайда ірі жол апаты болып, 11 адам қаза тапты, 29 адам зардап шекті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG