Accessibility links

Сайрамдағы апаттан зардап шеккен сегіз адамның екеуі қайтыс болды


Қазақстандағы ауруханалардың бірі. Көрнекі сурет.

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукен ауылындағы дәмханалардың бірінде болған газ жарылысынан зардап шеккен сегіз адамның екеуі қайтыс болды. Бұл туралы 13 мамырда облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім айтты.

Мира Мүсілімнің айтуынша, қайтыс болғандардың бірі – бес жасар бала, екіншісі – зейнеткер. Денесінің 90 пайызын күйік шалған зейнеткер бүгін, 13 мамырда таңертең қайтыс болған.

Тұрмахан Орынбаев атындағы облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері Мәдина Ермахамбетова денесінің 80 пайызын күйік шалған тағы бір науқастың жағдайы өте нашар екенін айтады. Қалған науқастардың жағдайы қалыпты, палатаға көшірілген.

9 мамыр кешкісін ауызашар кезінде Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы дәмханалардың бірінде 50 литрлық газ баллоны жарылып, сегіз адамды күйік шалған.

Облыстық полиция департаменті бұған дейін оқиғаға байланысты "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG