Accessibility links

Петропавлда жүздеген зауыт жұмысшысы наразылық білдірді


"Жалақы алмаған" жүздеген жұмысшы наразылық білдірді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:46 0:00

15 мамырда Петропавлда вагон шығарумен айналысатын "Зиксто" зауытының жұмысшылары үш айға жақын жалақыларын алмағандарын айтып, наразылық білдірді. 14.30-ға қарай 300-ге тарта жұмысшы еңбекақыларын талап етіп, зауыт әкімшілігінің алдына жиналды.

Зауыт жұмысы биыл қаңтардан бері тоқтап тұр. Жиналғандар сөзінше, әкімшілік наурызға дейін жалақыларының жартысын ғана төлеп келген. "Наурыздан бастап ақша төлеуді мүлде тоқтатты" дейді олар.

Наразылар кредиттерінің пайызы өсіп, қарыздарының көбейіп жатқанына шағынды. Азаттық тілшісінің айтуынша, зауыт маңайында полиция автобустары тұрған. Бес-алты полицей наразыларды бақылап жүрген.

Зауыт жұмысшылары жиналған соң әкімшілік наразылар арасынан он шақты адамды іріктеп, ғимарат ішінде сөйлесті. Бір сағатқа жуық уақыттан соң зауыт директоры наразылар алдына шығып, 31 мамырда жалақының толық төленетінін уәде етті.

- Осыған дейін зауытта жасалған келісімшарттар тиімсіз болып шықты. Ресейдегі құрамдас бөлшектер 2-2,5 есе қымбаттап кетті. Ол жақтағы басшылар бағаның көтерілуі бойынша келісімшартты қайта қараймыз деп сөз берді. Осыдан кейін зауыттағы жұмыс жалғасады. Екі айдың жалақысын 31 мамырға дейін төлейміз, - дейді "Зиксто" зауытының бас директоры Ренат Шамсутдинов.

"ЗИКСТО" зауытында 800-ге жуық адам жұмыс істейді. Зауыт дерегінше, мекеменің жалпы қарызы - 95 миллион теңге.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG