Accessibility links

ІІМ Тоқаевтан "сыйлыққа ат мінген" полиция басшысын жұмыстан босатуды сұрады


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Аян Дүйсембаевқа (оң жақта) генерал-майор шенін берген сәт. 6 мамыр 2019 жыл.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Аян Дүйсембаевқа (оң жақта) генерал-майор шенін берген сәт. 6 мамыр 2019 жыл.

Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Атырау облысы полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевты қызметтен босатуды сұрады.

Министрліктің Tengrinews.kz агенттігіне хабарлауынша, "ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди бастаған комиссия Атырау облысына барып, қоғамда шу туғызған оқиғаны тексерді. Комиссия Дүйсембаевтың қызмет этикасын бұзғанын анықтады".

Бұған дейін интернетте Атырау облысы полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевқа ұқсайтын адамға бір топ жұрт қошеметпен жылқы мінгізіп жатқан видео тараған. Ішкі істер министрлігі бұл видеодағы адам Аян Дүйсембаев екенін айтып, оның үстінен қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев "сыйлыққа жылқы мінген" полиция департаменті басшысын қатаң жазаланатынын айтқан.

6 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда Аян Дүйсембаевқа генерал-майор шенін тапсырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG