Accessibility links

"Қытайға тыңшылық жасады" деген ЦРУ-дың бұрынғы қызметкері 20 жылға сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-тың орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы қызметкері "Қытайға тыңшылық жасады" және "құпия дерек таратты" деген айыппен 20 жылға сотталды. АҚШ-тың аймақтық соты шетел үкіметіне көмектесу мақсатында ұлттық қорғаныс деректерін берді деп кінәлі танылған 62 жастағы Кевин Мэллори үкімін 17 мамырда оқыды. Үкім АҚШ-тың Виржиния штатындағы Александрия федералдық сотында оқылды.

Прокурорлар айыпталушыға өмірлік жаза сұраған, ал қорғау тарабы оны 10 жылға соттауды өтінген.

Сот дерегінше, Мэллори құпия ақпаратты 25 мың АҚШ долларына айырбастаған. Мэллори ең алғаш рет 2017 жылы Шанхайдан ұшып келген кезде Чикаго әуежайында рәсімделмеген 16 500 АҚШ долларымен "ұсталып", құқық қорғау орган өкілдерінің көзіне түскен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG