Accessibility links

83 жасқа толған Олжас Сүлейменов туралы кітаптың тұсаукесері болды


Ақын әрі жазушы Олжас Сүлейменов оқырмандарына қолтаңба беріп жатыр. Алматы, 18 мамыр 2019 жыл.

18 мамырда Алматыда "Олжас және мен" атты кітаптың тұсаукесері өтті. Жинаққа танымал тұлғалардың ақын, жазушы, қоғам әрі мемлекеттік қайраткер Олжас Сүлейменов туралы айтқан пікір-лебіздері топтастырылған. Дәл осы күн ақын 83 жасқа толды.

Тұсаукесер кезінде сөйлеген азаматтар Сүлейменовтің шығармашылығы, азаматтық және саяси ұстанымдары туралы айтты.

Кітапқа енген шағын очерктің авторы Адам құқығы және заңдылықты сақтау бойынша қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис Сүлейменов жайлы былай деп жазған:

"Ядролық қарусыздану үшін күресте оның атқарған рөлі сөзсіз. Бірақ 90-жылдарға қарасақ менің ойымша, ол мемлекеттің демократиялық ел ретінде қалыптасуына әсер ететін саясаткер ретінде маңыздырақ рөл атқара алушы еді".

Сүлейменовтің сөзінше, оны телефонмен президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған. Сенат спикері Дариға Назарбаева құттықтау телеграммасын жолдаған. Ресми лауазымды тұлғалар кітап тұсаукесерінде болмады.

Олжас Сүлейменов туралы жаңа жарық көрген кітап (ортасында). Алматы, 18 мамыр 2019 жыл.
Олжас Сүлейменов туралы жаңа жарық көрген кітап (ортасында). Алматы, 18 мамыр 2019 жыл.

​Олжас Сүлейменов 1961 жылы сәуір айында ғарышқа тұңғыш көтерілген ғарышкер Юрий Гагаринге арналған "Адамға табын, Жер енді" атты поэмасынан кейін танымал болды. 1975 жылы оның тарихнама мен лингвистика мәселелеріне арналған "Аз и Я" кітабы жарық көріп, советтік әдеби академиялық ортада қатты сынға ұшырады. Сол кездегі компартия мүшесі Сүлейменовтің шығармалары бірнеше жыл басылмады. Әдеби сыншылар "Аз и Я"-ның арқасында Сүлейменовтің халықаралық деңгейде танымал болғанын айтады.

Олжас Сүлейменовтің шығармалары әлемнің көптеген тіліне аударды. 1989 жылы ол "Невада - Семей" қозғалысын құру туралы бастама көтерді. Сарапшылардың пікірінше, осы қозғалыс постсоветтік кеңістікте ядролық қарусыздану процесіне түрткі болған.

1991 жылы қозғалыс "Қазақстанның халықтың конгресі" (1991-1995) саяси партиясына айналды. Оның жетекшісі Олжас Сүлейменов болды. Қазақ ССР-інің жоғары кеңесінің кейбір депутаттары Сүлейменовті 1991 жылғы президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды. Бірақ ол бұл ұсыныстан бас тартты. Қазақстанның жоғары кеңесі таратылғаннан кейін 1995 жылы Олжас Сүлейменов саясаттан кетті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG