Accessibility links

Air Astana Мәскеуге ұшқан ұшақтың әуежайға қайтып оралуын түсіндірді


Көрнекі сурет.

Air Astana әуе компаниясы Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағыты бойынша ұшқан ұшақтың әуежайға қайтып оралуының себебін түсіндірді.

"Әуеге көтерілген кезде сигнализация дисплейінде вибрация мен №1 двигательден шығатын газ температурасының тым жоғары екені туралы хабарлама пайда болды. Экипаж двигательдің газ режимін ауыстырып, двигатель параметрлері бар мүмкіндігінше жұмыс істей бастаған. Экипаж компания ережелеріне сәйкес ұшу әуежайына қайтып оралу туралы шешім қабылдады" делінген сәрсенбі, 22 мамырда әуе компанияның таратқан хабарламасында.

Әуе компаниясы ұшақтың қалыпты жағдайда қонғанын айтты.

"Барлық жолаушылар, Шереметьево әуежайында рейсін күткен жолаушылар да уақытылы тамақ және жатар орынмен қамтамасыз етілді. Ал кейінге қалдырылған рейс жолаушылары Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге КС 893 тұрақты рейсі бойынша Boeing 767 әуе кемесімен ұшып кетті. Қазіргі кезде әуе компанияның техникалық қызметкері ақауды анықтап жатыр" делінген хабарламада.

21 мамырда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарайтын азаматтық авиация комитеті Air Astana компаниясының Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағыты бойынша КС 873 рейс атқарған ұшақтың Нұр-Сұлтан әуежайына техникалық себепке байланысты қайтып оралғанын хабарлаған еді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

ҰБТ-ның алғашқы күні қалай өтті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:44 0:00
Ұлттық бірыңғай тестілеу

ҰБТ-ның алғашқы күні қалай өтті?

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG