Accessibility links

Ресей АҚШ мемлекеттік хатшысының бұрынғы көмекшісіне виза бермеді


Виктория Нуланд.

Ресей АҚШ мемлекеттік хатшысының бұрынғы көмекшісі Виктория Нуландқа елге кіруге рұқсат бермеді. Бұл туралы 23 мамырда Ресей сыртқы істер министрлігіне сілтеп, "Коммерсант" газеті хабарлады. Басылым дереккөздерінің айтуынша, Нуланд АҚШ-тың Ресей азаматтарына санкция қоюына жауап ретінде Мәскеу жасаған қара тізімде тұр.

Нуланд визаны Мәскеуде өтетін халықаралық конференцияға қатысу үшін сұраған.

"Коммерсанттың" жазуынша, Ресей жағы қара тізімге енген азаматтар тізімін құпия ұстайды. Америкалықтар өздеріне Ресейге кіруге тыйым салынғанын визаға құжап тапсырып болған соң ғана біледі.

Басылым "Ресей шенеуніктері Нуланд мемлекеттік хатшының көмекшісі болып тағайындалған 2013 жылдан бері оның қызметіне қырын қарай бастады" деп жазады. Нуланд 2014 жылы Украинада өткен Еуромайдан белсенділерін қолдаған. Биыл мамырда өткен конгресс жиындарының бірінде мемлекеттік хатшының көмекшісі Ресейге қарсы санкцияны күшейтуге шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG