Accessibility links

Кандидаттар теледебаты өтті


Кандидаттар теледебаты.
Кандидаттар теледебаты.

29 мамырда "Хабар" арнасында тікелей эфирде кандидаттар дебаты өтті. Теледебатқа Қазақстан президенті, "Нұр Отан" партиясы ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев, "Ақ жол" партиясының кандидаты Дания Еспаева және "Ауыл" партиясының кандидаты Төлеутай Рахымбеков келген жоқ.

Дебатқа Жамбыл Ахметбеков, Әміржан Қосанов, Амангелді Таспихов, Сәді-Бек Түгел, Тоқаевтың сенімді өкілі Мәулен Әшімбаева, Еспаеваны ұсынған "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев, Рахымбековтің орнына "Ауыл" партиясының жетекшісі Әли Бектаев қатысты.

Дебат үш кезеңнен тұрады. Бірінші раундта кандидаттар сайлау бағдарламасын таныстырып, бір-біріне сұрақ қояды. Екінші раундта кандидаттар жүргізушілердің сұрағына жауап береді. Үшінші кезеңде кандидаттар сайлаушыларға қайырылды.

Бір жарым сағатқа созылған дебатқа бюджеттен 41 миллион теңге бөлінген.

Дебатқа қатысып жатқандар (солдан оңға қарай): Сәді-Бек Түгел, Жамбыл Ахметбеков, Әміржан Қосанов, Азат Перуашев, Амангелді Таспихов, Мәулен Әшімбаев және Әли Бектаев.
Дебатқа қатысып жатқандар (солдан оңға қарай): Сәді-Бек Түгел, Жамбыл Ахметбеков, Әміржан Қосанов, Азат Перуашев, Амангелді Таспихов, Мәулен Әшімбаев және Әли Бектаев.

​Бұл - Қазақстанда президент сайлауы қарсаңында ұйымдастырылған екінші теледебат. 2005 жылы желтоқсандағы президент сайлауы қарсаңында президенттікке кандидаттар – "Ақ жол" партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов, "Әділетті Қазақстан" қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбай, "Табиғат" экологиялық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов, мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов арасында теледебат өткен. Сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев теледебатқа қатысуды қажет деп санамаған.

Биыл Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Орталық сайлау комиссиясы жеті адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеген:

  • Жамбыл Ахметбеков - "Қазақстан комунистік халық партиясы",
  • Дания Еспаева - "Ақ жол" партиясы,
  • Әміржан Қосанов - "Ұлт тағдыры" қозғалысы,
  • Төлеутай Рахымбеков - "Ауыл" партиясы,
  • Амангелді Таспихов - Қазақстан кәсіподақтар федерациясы,
  • Қасым-Жомарт Тоқаев - "Нұр Отан" партиясы,
  • Сәді-Бек Түгел - "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG