Accessibility links

Трамп пен Мәскеудің "байланысын" зерттеген Мюллер отставкаға кетті


Роберт Мюллер.
Роберт Мюллер.

АҚШ-тың арнаулы прокуроры Роберт Мюллер отставкаға кетті. Бұл туралы ол Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал араласуы жайлы тергеуінің қорытындысына қатысты алғаш рет мәлімдеме жасап жатып айтты. Мюллер "кеңсемді жауып, әділет министрлігінен кетемін" деді.

Тергеу қорытындысы жайлы айтқан Мюллер "Кремльдің АҚШ-тағы сайлауға араласқанына дәлел бар" деді. Бірақ прокурор АҚШ президенті Дональд Трампты Мәскеумен астыртын сөз байласты деп ашық айыптаған жоқ. Бірақ ол "Трамптың кінәсі жоқтығына сенімді болсам, кінәсіз деп тура айтар ем" деді.

Арнаулы прокурордың сөзінше, Трампқа екі себепке байланысты айып тағу мүмкін болмаған. "Біріншіден, Мюллер командасы әділет министрлігінің ережесімен жұмыс істеді, екіншіден, АҚШ-та тағылған айыптарға қарай шешім шығаратын сот жоқ" деді Мюллер.

Шамамен екі жылға жалғасқан тергеу кезінде Роберт Мюллер Ресейдің Америкадағы сайлауға хакерлік шабуылдар мен әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату арқылы араласқанына дәлел тапты. Алайда прокурор Трамп пен оның жақтастарының Ресеймен сөз байласқанын айғақтай алмады. Мюллер Трампты әділ тергеуге кедергі келтіру бабымен кінәсіз деп танудан бас тартып, президентке қатысты шешім қабылдауды бас прокурордың еншісіне қалдырған. Бас прокурор Уильям Барр Трамптың жауапқа тартылмайтынын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG