Accessibility links

Тоқаев Абайдың мерейтойын атап өту туралы жарлыққа қол қойды


Республика сарайы алдындағы Абай Құнанбайұлының ескерткіші. Алматы, 4 тамыз 2009 жыл.
Республика сарайы алдындағы Абай Құнанбайұлының ескерткіші. Алматы, 4 тамыз 2009 жыл.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт 30 мамырда ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Мерейтойды ұйымдастыру жауапкершілігі президент әкімшілігіне жүктелген.

Жарлықта Тоқаев 1 шілдеге дейін мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды, "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін жаңғыртуды, Абайдың мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді, ақын еңбектерін шет тілдерге сапалы аудару сияқты шараларды іске асыруды тапсырады.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы - қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы әрі классигі. Ол - жүздеген өлең, поэма мен аударманың, философиялық трактаттар стилінде жазылған "Қара сөздердің" авторы.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG