Accessibility links

Виржиния-Бич қаласында болған атыстан 11 адам қаза тапты


Атыс болған қалалық муниципалды басқарма аумағы. 31 мамыр 2019 жыл.
Атыс болған қалалық муниципалды басқарма аумағы. 31 мамыр 2019 жыл.

АҚШ-тың Виржиния-Бич қаласында жұма, 31 мамырда кешке қарай қалалық муниципалды басқарма ғимаратында жергілікті қызметкерлердің бірі адамдарға оқ атып, кемінде 11 адам қаза тапты.

Полиция дерегінше, ер адам ғимараттың бір қабатынан келесі қабатына көтеріле жүріп, оқ атқан. Оны оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері атып өлтірген.

Оның есімі әзірге айтылмайды. Жергілікті шенеуніктерге сілтеме жасаған The Wall Street Journal басылымы қызметкердің қалалық коммуналды қызмет көрсету саласында жұмыс істегенін айтқан. Қалалық полиция шерифі Джим Сервер де бұл ақпаратты растаған. Полицияның айтуынша, ол жалғыз әрекет еткен. Атыстың себептері анықталып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG