Ресейдің Нижегород облысындағы Дзержинск қаласында тротил өндіретін цехта жарылыс болды. Бұл ақпаратты 1 маусым түстен кейін ресейлік Интерфакс және ТАСС ақпарат агенттіктері хабарлады. Интерфакстың хабарлауынша, жарылысқа цехта технологиялық процестің сақталмауы себеп болған. Жарылыстан соң зауытта өрт басталып, ғимараттың кейбір бөлігінің бұзылғаны да хабарланды.
Шұғыл қызмет көрсету мамандарына сілтеме жасаған ТАСС агенттігі екі адамның зардап шеккенін жазды. Зауыттың қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері және полиция кәсіпорын аумағын қоршаған. Шұғыл штаб қызметкерлері ауаға зиянды заттар тарамағанын айтқан.
ПІКІРЛЕР