Accessibility links

Тротил өндіретін ресейлік зауыттағы жарылыс: зардап шеккендер саны 85-ке жетті


Дзержинскі зауытындағы жарылыс. 1 маусым 2019 жыл.
Дзержинскі зауытындағы жарылыс. 1 маусым 2019 жыл.

Ресейдің Нижегород облысындағы Дзержинскі қаласында тротил өндіретін цехта болған жарылыстан кейін 85 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл ақпаратты Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты хабарлады.

"Жалпы 85 адам медициналық көмекке жүгінді: 39 зауыт жұмысшысы және 46 қала тұрғыны. 1 маусым түнгі сағат 22:15-тегі жағдай бойынша 16 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Олардың біреуінің жағдайы ауыр, 15-інің жағдайы орташа. 69 науқасқа амбулаторлық көмек көрсетілді" делінген хабарламада.

Бұған дейін 42 адамның зардап шеккені айтылған еді.

1 маусымда Дзержинскідегі "Кристалл" мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтына қарасты тротил өндіретін цехта жарылыс болған. Шұғыл штаб мамандарының сөзіне сүйенген ресейлік ақпарат агенттіктері 1 маусымда жарылыс салдарынан ауаға көп мөлшерде зиянды заттар тарамағанын хабарлаған. Ресми ақпарат бойынша, жарылысқа жарылғыш зат шығаратын зауытта "технология процесінің сақталмауы" себеп болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG