Accessibility links

Қырғызстан ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Ислам Матраимов қызметтен кетті


Искендер Матраимов
Искендер Матраимов

Қырғызстан мемлекеттік экономикалық қылмыстармен күрес қызметі ішкі қауіпсіздік және тергеу басқармасының басшысы Ислам Матраимов қызметінен кетті. Бұл туралы 3 маусымда "5 канал" эфирінде Жогорку кенеш депутаты Искендер Матраимов айтты.

Басқарманың баспасөз қызметкері Анастасия Пискур Ислам Матраимовтың ақпан мен наурыз аралыңында ақысыз еңбек демалысында болғанын, 22 мамырдан бастап қызметтен кеткенін хабарлады.

29 мамырда Азаттықтың Қырғыз қызметінің журналисі Али Токтакуновтың Матраимовтардың Қырғызстаннан жүздеген миллион доллар шығарғанын әшкерелейтін зерттеуі жарияланған. Журналистік зерттеуде Ислам Матраимовтің миллиондаған долларды қалай заңсыз жолмен тапқанын көрсеткен.

27 мамырда Қырғызстан мемлекеттік экономикалық қылмыстармен күрес қызметі​нің жетекшісі Эмиль Жамгырчиев Азаттықтың Қырғыз қызметіне Матраимовтарға қатысты тексеру жүріп жатқанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG