Accessibility links

Алматы облысында жүздеген ауланы су басты


Пенжім ауылындағы су басқан ауланың бірі. Алматы облысы, Панфилов ауданы. 04 маусым, 2019 жыл.
Пенжім ауылындағы су басқан ауланың бірі. Алматы облысы, Панфилов ауданы. 04 маусым, 2019 жыл.

Алматы облысы Панфилов ауданындағы Пенжім ауылында 270-тен аса ауланы су басты. Бұл туралы Азаттыққа 4 маусым күні Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің Алматы облысы бойынша өкілі Азамат Жұртбаев хабарлады.

- 3 маусым түнде нөсерден кейін Пенжім ауылында 270-тен аса үй ауласын су басып қалды. Су ағыны тек екі сағаттан кейін бәсеңдеді, қазір жағдай қалыпты. Ол жерде техника мен адамдар жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандар жоқ, - деді комитет өкілі.

Оның сөзінше, су тасқынына байланысты Панфилов ауданында арнайы жедел штаб құрылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG