Accessibility links

HRW Ресей мен Сирияны тыйым салынған қару қолданғаны үшін айыптады


Идлиб тұрғындары әуе күштерінің соққысынан кейін қашып барады. Сирия. 30 мамыр, 2019 жыл.
Идлиб тұрғындары әуе күштерінің соққысынан кейін қашып барады. Сирия. 30 мамыр, 2019 жыл.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы сирия-ресей «әскери альянсын» Сирияның солтүстік-батысындағы бейбіт тұрғындар тұратын ауданға шабуыл жасап, халықаралық нормаға сай емес, "тыйым салынған қару қолданды" деп айыптап отыр. Ұйымның 3 маусымдағы мәлімдемесінде, биыл 26 сәуірден бастап Сирияның Идлиб, Хама және Алеппо провинцияларында күнделікті жүздеген жарылыс болып, 200 бейбіт тұрғын оның ішінде балалар көз жұмғаны айтылған.

Жылдам әрекет ететін қызмет, куәгерлер мен ашық ақпарат көздерінде сілтеме жасаған ұйым бейбіт тұрғындар тұратын аудандарда жарылыс қаруларынан бөлек, тыйым салынған қолдан жасалған бомбалар мен оқ-дәрілерді пайдаланғанын хабарлайды.

БҰҰ ақпараты бойынша бұл аймақта үш миллионға жуық бейбіт тұрғын бар. Алты ай үзілістен кейін мұнда әскери іс-қимылдар қайта басталған.

Сириядағы соғыс 2011 жылы басталған. Содан бері қақтығыстардан 400 мыңға тарта адам қаза тапты. 2018 жылдың соңында АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы АҚШ әскерін шығаратынын жариялаған. Түркия АҚШ әскері Сириядан шықса елдің солтүстік-шығысындағы жағдай нашарлайды деп қауіптенеді. Бұл аймақтың бір бөлігін күрдтердің өзін-өзі қорғау жасақтары бақылайды. Анкара күрд жасақтарын "терроршылар" деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG