Accessibility links

Азаттық зерттеуінен соң қырғыз премьері шетелге кеткен қаржыны тексеруді тапсырды


Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев.
Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев.

Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев Азаттықтың Қырғыз қызметі зерттеуіндегі мәліметтерді тексеру жайлы жиналыс өткізді. Бұл туралы 4 маусымда Қырғызстан үкіметі баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстан мемлекеттік қаржы барлау қызметінің төрағасы Гуламжан Анарбаевтың айтуынша, журналистік зерттеуде аталған қаржының шетелге шығарылғаны жайлы мәліметтерді мекеме 2014 жылы ішкі істер министрлігінің қарауына өткізген.

"Қазір қаржы барлау қызметі мен қаржы полициясы бірлесіп, 700 млн доллардың елден шығарылғаны жайлы мәліметті тексеріп жатыр" деді төраға.

Премьер-министр Мухаммедкалый Абылгазиев тексеруді тездетуді тапсырды.

"Мұқият тексеріп қана қоймай, оны қоғамға хабарлап отыру қажет. Тексеру қорытындысын тұрғындар білуі тиіс" деді үкімет басшысы.

29 мамырда Азаттықтың Қырғыз қызметінің "Ынгайсыз суроолор" бағдарламасының кезекті санында Қырғызстаннан миллиондаған доллар заңсыз шығарылғаны туралы дерек айтылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG