Accessibility links

ОСК: Сайлаушылардың 65,9 пайызы дауыс берді

Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелерінің бірі. 9 маусым 2019 жыл.

Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 65,9 пайызы дауыс берген.

ОСК мәліметінше, сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі аймақ бойынша мынадай:

Ақмола облысы 75,1 %
Ақтөбе облысы79,7 %
Алматы облысы78,9 %
Атырау облысы64,9 %
Шығыс Қазақстан облысы69,8 %
Жамбыл облысы71,8 %
Батыс Қазақстан облысы59,8 %
Қарағанды облысы63,1 %
Қызылорда облысы64,5 %
Қостанай облысы69,7 %
Маңғыстау облысы60,3 %
Павлодар облысы67,9 %
Солтүстік Қазақстан облысы68,3 %
Түркістан облысы70 %
Нұр-Сұлтан қаласы49,6 %
Алматы қаласы45,7 %
Шымкент қаласы55,6 %

Қазақстанда сайлауға дауыс беруге құқығы бар 11 814 019 адам бар.

Сайлау күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте наразылық шаралары болды. Жүздеген адам көшеге шығып, "Қазақстан!", "Бостандық!", "Бойкот!" деп айғайлады. Жиналған азаматтар президент сайлауына бойкот жариялайтындықтарын айтты. Алматы мен Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция наразыларды ұстады. Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда шамамен жүз шақты азамат ұсталғанын мәлімдеді. Бірақ оқиғаға куә болған журналистер бір Алматының өзінде ұсталғандар саны жүзге жуықтағанын хабарлады.

Қарай отырыңыз: Сайлау күнгі ұстаулар мен қамаулар (9.06.2019).

Алматыда полиция сайлауға қарсы шыққандарды қалай ұстады?

Алматыдағы "Астана" алаңында сайлауға қарсы шыққан екі жүзден астам адам жиналып, "бойкот", "масқара" деп айғайлады. Оларды полиция жаппай ұстай бастады. Алматы, 9 маусым 2019 жыл. 
1/12 Алматыдағы "Астана" алаңында сайлауға қарсы шыққан екі жүзден астам адам жиналып, "бойкот", "масқара" деп айғайлады. Оларды полиция жаппай ұстай бастады. Алматы, 9 маусым 2019 жыл. 
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Арнайы жасақ "Астана" алаңында наразылыққа шыққан тұрғынды ұстаған сәт. Алматы, 9 маусым 2019 жыл. 
2/12 Арнайы жасақ "Астана" алаңында наразылыққа шыққан тұрғынды ұстаған сәт. Алматы, 9 маусым 2019 жыл. 
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Алаңдағы көрініс. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
3/12 Алаңдағы көрініс. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, алаңда полиция мен арнайы жасақтың қарасы көп. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
4/12 Азаттық тілшісінің хабарлауынша, алаңда полиция мен арнайы жасақтың қарасы көп. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Полиция ұсталған наразыны көлікке күштеп отырғызып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
5/12 Полиция ұсталған наразыны көлікке күштеп отырғызып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Vlast.kz сайтының хабарлауынша, арнайы жасақ ұсталғандарды полиция департаментіне апарып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
6/12 Vlast.kz сайтының хабарлауынша, арнайы жасақ ұсталғандарды полиция департаментіне апарып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Алаңда жүрген Азаттық тілшісі полиция бірнеше адамды бір уақытта ұстап әкеткенін көрген. Алматы, 9 маусым2019 жыл.
7/12 Алаңда жүрген Азаттық тілшісі полиция бірнеше адамды бір уақытта ұстап әкеткенін көрген. Алматы, 9 маусым2019 жыл.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Алматы полиция департаменті мен ішкі істер министрлігі ұстауларға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. 
8/12 Алматы полиция департаменті мен ішкі істер министрлігі ұстауларға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. 
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Полиция алаңға келгендердің бірін әкетіп барады. Ұсталғандар арасында Азаттық тілшісі Петр Троценко мен Vlast.kz журналисі бар. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
9/12 Полиция алаңға келгендердің бірін әкетіп барады. Ұсталғандар арасында Азаттық тілшісі Петр Троценко мен Vlast.kz журналисі бар. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Полиция ұсталғандарды күштеп көлікке салып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
10/12 Полиция ұсталғандарды күштеп көлікке салып жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
7 маусымда Қазақстан бас прокуратурасы азаматтарды 9-10 маусымда заңсыз митингіге шықпауға шақырып, қатысқандардың "жауапқа тартылатынын" ескерткен. 
11/12 7 маусымда Қазақстан бас прокуратурасы азаматтарды 9-10 маусымда заңсыз митингіге шықпауға шақырып, қатысқандардың "жауапқа тартылатынын" ескерткен. 
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Елде тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов 9 маусымда азаматтарды бірнеше қалада митингіге шығуға шақырған.
12/12 Елде тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов 9 маусымда азаматтарды бірнеше қалада митингіге шығуға шақырған.
9 маусымда Алматыдағы "Астана" алаңында полиция жүзге жуық адамды ұстады. Алаңға жиналған жүздеген адам кезектен тыс президент сайлауына қарсы шықты. Алаңда тұрған полиция мен арнайы жасақ "Бойкот", "Масқара" деп айғайлап тұрғандарды шетінен ұстап әкетті. Полиция ұсталғандарды Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апарғаны хабарланды.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Previous slide
Next slide

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурыздың 19-ы күні президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат спикері болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Ал сәуірдің 9-ы күні Тоқаев Қазақстанда биыл маусымның 9-ы күні кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.​

Қазақстанда президент сайлаулары 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы өткен. Олардың үшеуі кезектен тыс болды. Барлығында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңген. Батыс бақылаушылары Қазақстандағы президент сайлауларының ешқайсысын халықаралық стандартқа сәйкес өтті деп таныған жоқ.

XS
SM
MD
LG