Accessibility links

ОСК: Сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берді


Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірі.
Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірі.

Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берген.

ОСК мәліметінше, сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі аймақ бойынша мынадай:

Ақмола облысы 83 %
Ақтөбе облысы84,6 %
Алматы облысы89 %
Атырау облысы71,2 %
Шығыс Қазақстан облысы84,5 %
Жамбыл облысы81,3 %
Батыс Қазақстан облысы66,2 %
Қарағанды облысы77,1 %
Қызылорда облысы77,6 %
Қостанай облысы84 %
Маңғыстау облысы68,3 %
Павлодар облысы79,5 %
Солтүстік Қазақстан облысы79,8 %
Түркістан облысы84,8 %
Нұр-Сұлтан қаласы68,3 %
Алматы қаласы52,2 %
Шымкент қаласы67,1 %

Қазақстанда сайлауға дауыс беруге құқығы бар 11 814 019 адам бар.

Сайлау күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте наразылық шаралары болды. Жүздеген адам көшеге шығып, "Қазақстан!", "Бостандық!", "Бойкот!" деп айғайлады. Жиналған азаматтар президент сайлауына бойкот жариялайтындықтарын айтты. Алматы мен Нұр-Сұлтан, Шымкентте полиция наразыларды ұстады. Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда шамамен жүз шақты азамат ұсталғанын мәлімдеді. Бірақ оқиғаға куә болған журналистер бір Алматының өзінде ұсталғандар саны жүзге жуықтағанын хабарлады.

Қарай отырыңыз: Сайлау күнгі ұстаулар мен қамаулар (9.06.2019).

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурыздың 19-ы күні президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат спикері болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Ал сәуірдің 9-ы күні Тоқаев Қазақстанда биыл маусымның 9-ы күні кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.​

Қазақстанда президент сайлаулары 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы өткен. Олардың үшеуі кезектен тыс болды. Барлығында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңген. Батыс бақылаушылары Қазақстандағы президент сайлауларының ешқайсысын халықаралық стандартқа сәйкес өтті деп таныған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG