Accessibility links

ІІМ: Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы наразылықта 500-дей адам ұсталды


Полиция наразылардың бірін ұстап жатыр. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

ІІМ хабарлауынша, Нұр-сұлтан мен Алматыдағы наразылық кезінде 500-ге жуық адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда Орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг кезінде ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.

Қожаевтың сөзінше, "екі қалада радикал пікірдегі адамдар заңсыз митинг ұйымдастырылып, қоғамдағы тыныштықты бұзбақ болған". ІІМ өкілі митингіге қатысқандарды "арандатушылар" деп атап, олардың заң алдында жауап беретінін айтты.

Министрдің орынбасары полицияның әрекетін заңға сай деп сипаттады.

- Полиция өздерін заңға сай ұстады. Адамдарды ұстаған кезде ешқандай құрал қолданған жоқ. Әлеуметтік желіде "адамдар полицияның қолынан зардап шекті, қаза тапты" деген ақпарат шындыққа жанаспайды, - деді Қожаев.

Министрлік өкілінің сөзінше, "наразылық кезінде ешкім дәрігер көмегіне жүгінбеген. Заңсыз митинг өткен жерде 12 адам дәрігерге қаралған. Олардың көбінің қысымы көтерілген".

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүздеген адамды ұстады. Елде бір-екі сағат интернет жұмысында ақау байқалды.

Видео: Полиция адамдарды қалай ұстады?

"Аяғынан ұста!". Полиция жүздеген адамды бөлімшеге әкетті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:05 0:00

  • 16x9 Image

    Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ

    2004 жылы Павлодар мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. "КТК-7"  телеарнасында тілші  (2003-2005), "Қазақстан-Павлодар" облыстық телеарнасында редактор, шеф-редактор (2005-2013), "Астана" телеарнасы Павлодар облысындағы меншікті тілшісі (2013-2019) болып жұмыс істеген. 2019 жылдан бері Азаттықтың Нұр-Сұлтан қаласындағы тілшісі.  

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG