Accessibility links

Алматыда полиция отызға жуық адамды ұстады


Туысын ұстау кезінде қан қысымы көтеріліп жерге жатып қалған азамат. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
Туысын ұстау кезінде қан қысымы көтеріліп жерге жатып қалған азамат. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

10 маусым түскі сағат 12.00 шамасында Алматыдағы "Астана" алаңы маңындағы саябақта полиция отызға жуық адамды ұстап алып кетті. Бұл ақпаратты оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі хабарлады. Оның айтуынша, алаң аумағында интернет байланысы өте нашар. Полиция саябақты қоршауға алған.

Полиция азаматтарды ұстап жатқан сәтте бағдаршамға тоқтап тұрған он шақты көлік бір мезгілде сигнал берген. "Азаматтарды не үшін ұстап жатырсыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына полиция қызметкерлерінің бірі "құжаттары болмағандықтан ұстап бара жатқанын" айтты.

Видео: Полиция адамдарды қалай ұстады? 10 маусым 2019 жыл.

"Көмектесіңіздер!". Алматыда полиция ондаған адамды ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

Бір ұсталған азаматтың туысының қан қысымы көтеріліп, жерге құлап қалған. Кейіннен қалпына келген. Бір азамат полиция ұстаған соң қарсылық білдіріп, күре тамырын тіліп жіберген. Есін жоғалта бастаған кезде жедел жәрдем көлігі келіп, алып кетті.

Түстен кейін полиция "Астана" алаңын жауып, көлік қозғалысын тоқтатты.

Нұр-Сұлтанда полиция Бәйтерек маңын қоршаған. Азаматтар қаланың орталық бөлігіне біртіндеп жинала бастаған.

Нұр-Сұлтан қаласындағы күзет. 10 маусым 2019 жыл.
Нұр-Сұлтан қаласындағы күзет. 10 маусым 2019 жыл.

9 маусымда сайлау болған күні Алматы мен Нұр-Сұлтан, Шымкентте жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға бойкот жариялайтындықтарын айтты. Ресми дерек бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда кемінде 500 адам ұсталған. Құқық қорғаушылар ұсталғандар саны бұдан да көп екенін айтады. Құқық қорғаушылар мен белсенділердің дерегінше, 10 маусымға қараған түні Алматы мен Нұр-Сұлтандағы полиция бөлімшелерінде көшпелі сот болып, ұсталғандарды әкімшілік жазаға тартқан. Бірақ әзірге нақты қанша адамның сотқа тартылғаны туралы дерек жоқ. Нұр-Сұлтанда ұсталғандардың бір бөлігін қала аумағынан тыс жаққа алып кеткені хабарланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG