Accessibility links

HRW тәжік саяси тұтқындарының тағдырына назар аударуға шақырды


HRW ұйымының белгісі.
HRW ұйымының белгісі.

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі Комитетін Тәжікстандағы адам құқығы жағдайын талқылап, ондағы саяси тұтқындардың тағдырына назар аударуға шақырды.

Шілде айының басында БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі Комитетінің Женевада өтетін кезекті сессиясында Тәжікстан өз еліндегі адам құқығы мен азаматтық және саяси бостандықтарды сақтау туралы Халықаралық пактінің орындалуы барысы жайлы есеп бермек.

Human Rights Watch ұйымының 11 маусымда таратқан мәлімдемесінде 2014 жылдан бері Тәжікстанда саяси астары бар қылмыстық істер бойынша айыпталған 150 адамның түрмеге қамалғаны айтылған. "Өзгеше ойлаудың кез-келген нышаны – тіпті әлеуметтік желідегі билікке айтылған аздаған сынға бола 5-10 жылға сотталғандар бар" дейді HRW.

Ресми Душанбе елде саяси тұтқын барын жоққа шығарады. Тәжік оппозициясы елде саяси көзқарасы үшін сотталғандар көп екенін айтады.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі Комитеті адам құқығы, азаматтық және саяси құқықтарды сақтау туралы Халықаралық пактінің негізінде құрылған. Комитет құрамындағы 18 сарапшы құжатқа қол қойған 167 елде пактінің қалай орындалып жатқаны туралы үкімет есебін тыңдайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG