Accessibility links

Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес отырысы басталды


Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес отырысына қатысушылар. Душанбе, 15 маусым 2019 жыл.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес отырысына қатысушылар. Душанбе, 15 маусым 2019 жыл.

15 маусымда Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес отырысы басталды. Оған Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және өзге ел басшылары мен өкілдері қатысып жатыр.

Мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, жиынға Қазақстан атынан президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.

Ресей президентінің кеңесшісі Юрий Ушаковқа сілтеме жасаған ресейлік ТАСС агенттігі отырыста негізінен Бішкекте өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымында талқыланған мәселелер қаралатынын хабарлады. Ушаковтың айтуынша, делегация басшылары аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты пікір-көзқарастарымен бөліседі. Бұған қоса, түрлі қауіп-қатермен күрес, экономикалық әріптестікті нығайту, гуманитарлық салада байланыс орнату мәселелері талқыланбақ.

Ұйым Азия құрлығының 90 пайызын алып жатқан 27 елді біріктіреді.

Кеңес құру идеяны ең алғаш рет Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан. Ол Душанбедегі саммит отырысында сөз сөйлейді деп хабарланған. Бірақ оның саммитке келгені-келмегені белгісіз. Кеңестің алғашқы отырысы 2002 жылы өткен. Ұйымның хатшылығы 2014 жылдан бері Қазақстан астанасына шоғырланған.

Кеңес бойынша шешімдер мемлекет және үкімет басшыларының саммитінде қабылданады. Мұндай саммит әрбір төрт жыл сайын өтіп отырады. 2018-2020 жылдары кеңеске Тәжікстан төрағалық етеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG