Accessibility links

Мәжіліс екі министрдің кандидатурасын мақұлдады


Ақтоты Райымқұлова
Ақтоты Райымқұлова

Парламент мәжілісі Ақтоты Райымқұлованы мәдениет және спорт министрі қызметіне, Мағзұм Мырзағалиевті экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындауға келісім берді. Бұл туралы 17 маусымда мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

55 жастағы Райымқұлованың кандидатурасын мәжілістің мәдени-әлеуметтік даму комитеті, 41 жастағы Мырзағалиевтің кандидатурасын мәжілістің экология және табиғи ресурстар комитеті мақұлдады. Мәжіліске екі министрдің кандидатурасын премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Райымқұлова Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны "композиция және фортепиано" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016 жылдың қыркүйегінен бері мәдениет және спорт министрінің орынбасары болған. Бұл министрлікті Арыстанбек Мұхамедиұлы басқарады.

Мырзағалиев "Тұран" университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол бұған дейін газ және мұнай министрінің, энергетика министрінің орынбасары болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG