Accessibility links

Қостанайда көлік жөндеу орталығында газ құрылғысы жарылды


17 маусымда Қостанайда техникалық қызмет көрсету орталығында газбен жұмыс істейтін құрылғы жарылып, жеті адам зардап шекті. Бұл туралы төтенше жағдай комитеті хабарлады.

Комитеттің мәлімдеуінше, жарылыстан техникалық қызмет көрсету станциясының ғимараты қираған. Жедел жәрдем зардап шеккен жеті адамның алтауы ауруханаға жеткізді. Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, төрт адам ауруханаға жатқызылған. Екеуі жансақтау бөліміне түскен.

"Екі адам басынан жарақат алған, денелері күйген. Жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр" деп хабарлады басқарма.

Төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер жалынды 47 минутта сөндірді. Өрт сөндіруге 98 адам, 30 техника жұмылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG