Accessibility links

Алматыда ХАТУ-дың бұрынғы ректоры екі айға қамалды


Алматының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер соты ғимаратындағы жазу.
Алматының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер соты ғимаратындағы жазу.

Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков қамауға алынды. Бұл туралы 17 маусымда қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Соттың баспасөз хатшысы Дияс Махамбетовтің айтуынша, Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Дамир Шыныбековті екі ай мерзімге қамауда ұстауға шешім шығарған. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе жұмсау) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр деп хабарлады сот өкілі.

Шыныбеков өзін қамауға алу туралы сот қаулысына аппеляциялық шағым түсірген, бірақ Алматы қалалық сотының алқасы оны қанағаттандырмаған.

41 жастағы Дамир Шыныбеков - экономика ғылымдарының докторы, Алматы қаласының Бостандық аудандық мәслихатының депутаты. Ол 2009 жылы Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры болып тағайындалған. Қызметінен биыл көктемде кеткен.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG