19 маусымда Қазақстан парламентінің мәжілісі депутат Анар Жайылғанованың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері. Өткен аптада Жайылғанова мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы ретінде тағайындалған. Оның өкілетін тоқтату мәселесінің мәжілісте қаралуына жаңа қызметке ауысуы негіз болғаны айтылды.
49 жастағы Анар Жайылғанова 1999-2000 жылдары Қазақстан президентінің әкімшілігінде жұмыс істеген. Кейінірек бірнеше жыл бойы жоғары сот төрағасының кеңесшісі болған. 2008-2016 жылдары конституциялық кеңес мүшесі болды.
12 маусымда президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет істері агенттігін екі ведомствоға бөлген. Алик Шпекбаев жемқорлыққа қарсы агенттік (антикоррупция қызметі) жетекшісі болып тағайындалды. Екі агенттік тікелей президентке бағынады.
ПІКІРЛЕР