Accessibility links

"Oyan, Qazaqstan" елдің ірі қалаларында "серуен" ұйымдастырды


"Серуен" жайлы әлеуметтік желідегі хабарлама. Twitter-ден алынған.

21 маусымда "Oyan, Qazaqstan" жастар қозғалысы елдің ірі қалаларында "серуен" ұйымдастырды. Қозғалыс мүшесі Әсем Жапишеваның Азаттыққа айтуынша, жұма күні кешке "серуен" Алматы, Нұр-Сұлтан, Талдықорған, Ақтау, Шымкент және Ақтөбе қалаларында өткен.

- Ең үлкені Алматы мен Астанада өтіп жатыр. Астанадағы шараға 30-40 шақты адам жиналды. Серуеннің мақсаты - өзара танысып, білісу, ашық диалог орнату. Қазақстанның еркін азаматы ретінде қоғамдық орындарды қайта "қайтарып алу". Мұнда жастар әртүрлі тақырыптар бойынша пікірлерімен алмасады, - деді ол кешке Азаттық тілшісіне.

Әлеуметтік желіде #seruen хэштегімен жазылған жазбалар тарап жатыр.

Кейбір қолданушылар Facebook-та шарадан тікелей эфирде хабар таратты.

Маусым айының басында құрылған «Oyan, Qazaqstan» жастар қозғалысы қоғамға тоғыз бөлімнен тұратын азаматтық декларациясын таныстырған еді. Онда елдегі саяси қуғынды тоқтату, сайлау жүйесін реформалау, парламенттік басқаруға өту тәрізді бірнеше мақсат көрсетілген.

Жаңа қозғалыс мүшелері бұған дейін өздерінің ресми тіркелуді көздемейтінін әрі ешқандай саяси партиямен әріптес емес екенін, қандай да бір отандық және шетелдік ұйымдардан қаржы алмайтындарын мәлімдеген.

Елде демократиялық институттарды құруды көздейтінін айтқан белсенділер өздерін қолдайтындар әр өңірде барын және әлі де қосылып жатқандықтан әзірге қозғалыстың нақты қанша мүшесі барын айта алмаған еді.

Қарай отырыңыз: Саяси жүйені өзгерткісі келетін жастар қозғалыс құрды (Маусым айы, 2019 жыл).

"Саяси жүйенің өзгергенін қалайтын" жастар қозғалыс құрды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:44 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG