Шымкентте көп қабатты ғимараттың сегізінші қабатынан құлаған үш жасар бала шетінеп кеткен деп хабарлайды куәгерлер сөзіне сүйенген шымкенттік Otyrar.kz сайты. Оқиға қаладағы Назарбаев даңғылы бойындағы көп қабатты ғимараттардың бірінде болған.
Көршілерінің айтуынша, пәтерде ересек адамдардан ешкім болмаған. Олар жедел жәрдем көлігін шақырған. Дәрігерлер он минутта жеткен, сәби оған дейін шетінеп кеткен.
Ресми орындар әзірге оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді.
Қазақстанда балалардың терезелерден құлауы жиі кездеседі.
ПІКІРЛЕР