Accessibility links

Арыстағы әскери қоймада жарылыс болды


Түркістан облысының картасы.
Түркістан облысының картасы.

24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімше қоймасында жарылыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет хабарлады.

Жарылыс болғаны туралы хабар таңғы 9.20-да түскен. Комитет қоймадағы жарылыстан соң әскери бөлімше аумағы өртеніп жатқанын, ондаған өрт сөндіруші мен техника жұмылдырылғанын хабарлады. Жапа шеккендер туралы әзірге дерек жоқ.

Билік ненің жарылғанын әлі хабарлаған жоқ. Әлеуметтік желі қолданушылары "бірнеше снаряд атылды" деп жазды.

Арыста тұрамын деген Facebook қолданушысы Нұрдәулет Жолболды Азаттық тілшісіне "бірнеше рет жарылыс болғанын естідім" дейді. Жолболды туыстарының өз бетімен қауіпсіз жерге көшіп жатқанын айтады.

Арыста бұған дейін бірнеше рет жарылыс болған.

Он жыл бұрын, 2009 жылы наурызда Арыстағы қоймада жарылғыш заттар жарылып, сақтаулы тұрған қару-жарақ атылған. Оқиға кезінде төрт адам қаза тауып, жиырмаға тарта адам жапа шеккен еді. Ресми билік жарылысқа қоймадағы қарудың дұрыс сақталмауы мен жарылғыш затпен дұрыс жұмыс істемеу себеп болды деп мәлімдеген.

2014 жылы Арыс қаласындағы "Қазақжарылысөнеркәсібі" акционерлік қоғамы аумағында жарылыс болып, екі адам қаза тапқан.

2015 жылы қарашада қаладағы полигон аумағында жарылыс болып, бір адам мерт болды. Ресми ақпарат бойынша, жарылыс әскери оқ-дәрілер мен өндіріс қалдықтарын жою кезінде болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG