Accessibility links

Белсенділер "денсаулығы нашарлаған" Тұрымбетовті босатуды сұрады


Азаматтық белсенді Марат Тұрымбетовтің денсаулық жағдайын арнаулы комиссияда қарауды сұрап, Алматы қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті алдына келген белсенділер Қазақстан билігіне жолдайтын хатқа қол қойып жатыр. Алматы, 24 маусым 2019 жыл.
Азаматтық белсенді Марат Тұрымбетовтің денсаулық жағдайын арнаулы комиссияда қарауды сұрап, Алматы қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті алдына келген белсенділер Қазақстан билігіне жолдайтын хатқа қол қойып жатыр. Алматы, 24 маусым 2019 жыл.

Бүгін, 24 маусымда Алматы қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті алдына жиырмаға жуық адам жиналып, азаматтық белсенді, биылғы наурыздан бері ЛА-155/18 түрмесінде жазасын өтеп жатқан Марат Тұрымбетовтың денсаулығына байланысты комиссия құруды сұрады.

Белсенді Тұрымбетов 2017 жылы алаяқтық бабымен кінәлі деп танылып, екі жарым жылға түрме жазасына кесілген. Бірақ судья 1-топ мүгедектігі бар белсендінің денсаулығына байланысты жаза түрін бас бостандығын шектеуге ауыстырған. Бірақ биыл наурызда Алматы қалалық Түркісіб аудандық соты Тұрымбетовті "пробациялық бақылау талаптарын бұзды" деп танып, қалған жаза мерзімін, бір жыл төрт айын, түрмеде өтеуді үкім еткен еді. Белсенді өзіне тағылған айыппен келіспей, сот үкімінің саяси астары бар деген.

Департамент алдына келген белсенділер соңғы кездері Тұрымбетовтің денсаулығы күрт нашарлап кеткенін, мұны медициналық анықтама да растағанын айтады. Олар "ЛА-155/18 мекемесі Марат Тұрымбетовті денсаулығына байланысты босату туралы шешімді қарау үшін медициналық комиссия жиынын тиісті үш күн ішінде шақырған жоқ. Содан бері екі апта өтті. Тұрымбетовтің денсаулығы сағат сайын нашарлап, қатты қиналып жатыр. ЛА-155/18 мекемесінің міндетіне бұлай қарауы азаптау мен адам құқықтарын өрескел бұзу деп бағалануы мүмкін" дейді.

Белсенділер Тұрымбетовтің жағдайына байланысты дәрігерлер комиссиясын шұғыл шақыруды сұрап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа, Бас прокурор мен Қылмыстық-атқару жүйесінің төрағасына, сондай-ақ Қазақстан адам құқықтары жөніндегі уәкілге хат жолдады.

Біршама уақыттан соң белсенділер алдына департамент өкілі шығып, құқық қорғаушы мен Тұрымбетовтің адвокатын кездесуге шақырды. Жиналғандардан ішке бірнеше адам ғана кірді.

Азаттық тілшісін департамент өкілдері мен белсенділер кездесуіне кіргізбеді.

Бір сағатқа таяу уақытқа созылған жиыннан шыққан құқық қорғаушы Маржан Аспандиярованың айтуынша, департамент Тұрымбетовтің бүгін, 24 маусым кешке ауруханаға жатқызылатынын жеткізген. "Қылмыстық-атқару жүйесі осы апта соңына қарай дәрігерлер комиссиясының жиыны өткізуге де уәде берді" дейді Аспандиярова. Тұрымбетовті босату-босатпау мәселесі қаралатын жиынның нақты қашан өтетіні әзірге белгісіз.

Белсенді Тұрымбетов 2017 жылы алаяқтық бабымен кінәлі деп танылып, екі жарым жылға түрме жазасына кесілген. Бірақ судья белсендінің 1-топтағы мүгедек екенін ескеріп, жаза түрін бас бостандығын шектеуге ауыстырған.

2017 жылы наурызда наурызда Алматы қалалық Түрксіб аудандық соты Тұрымбетовті "пробациялық бақылау талаптарын бұзды" деп танып, қалған жаза мерзімін, бір жыл төрт айын, түрмеде өтеуге үкім еткен еді.

5 шілдеде Түрксіб аудандық соты белсендіні қамаудан босатты, бірақ осыған дейін бір рет пробациялық бақылау талаптарын бұзғаны үшін алдағы үш жыл тағы пробациялық бақылауда болатыны" туралы шешім шығарды.

Тұрымбетовтің сөзінше, 2016 жылы оның көлігін белгісіз біреулер ұрлап алып кеткен. Ол сақтандыру компаниясынан өтемақы талап еткенін айтады. Бірақ сақтандыру компаниясы Тұрымбетов өтемақы алу үшін көлікті өзі жоғалтып жіберді деп оны сотқа берген. Сот компанияның шағымын қанағаттандырып, Тұрымбетовті жазалаған. Тұрымбетов айыптарды жоққа шығарып, «компанияның шағымын өзіне тиісті өтемақыны төлемеудің амалы» дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG