Accessibility links

Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болып тағайындалды


Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласы әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы 28 маусымда Ақорда хабарлады.

Ақорда осыған дейін Алматы қаласын басқарған Бауыржан Байбек басқа қызметке ауысқанын мәлімдеді. Бірақ Байбектің қандай қызметке ауысқаны әзірге белгісіз.

Бақытжан Сағынтаев 2016 жылы қыркүйектен 2019 жылдың 21 ақпанына дейін Қазақстан премьер-министрі басқарған. Биыл 20 ақпанда Сағынтаев басқарған үкімет сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен отставкаға кеткен. Назарбаев Сағынтаев кабинетін "экономиканы дамыта алмады" деп сынаған. Сағынтаевтың орнына оның бірінші орынбасары Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалған.​

Ал премьер-министр қызметінен кеткен Бақытжан Сағынтаев 1 наурызда мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Араға жиырма күндей салып, 23 наурызда Сағынтаев бұл қызметтен кетіп, президент әкімшілігінің жетекшісі​ қызметіне ауысты. 28 маусымда Тоқаев жарлығымен Сағынтаев президент әкімшілігінің жетекшісі қызметінен босатылып, оның орнына алты жыл Қызылорда облысын басқарған Қырымбек Көшербаев келді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG