Accessibility links

Байбек "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды


Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті ұжымға таныстырып жатыр. Нұр-Сұлтан, 29 маусым 2019 жыл.

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл ақпаратты "Нұр Отан" партиясының жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Кейінірек ақпарат партия сайтында да пайда болды. Онда Назарбаевтың партия төрағасының бұрынғы оранбасары болған Мәулен Әшімбаевқа "атқарған жұмысы үшін алғыс айтып", "сәттілік тілегені" жазылған.

Бауыржан Байбек 2015 жылдың тамыз айынан бастап, 2019 жылдың 28 маусымына дейін Алматы әкімі болды. Қазір оның орнына бұған дейін президент әкімшілігінің жетекшісі болған Бақытжан Сағынтаев келген. Әшімбаевтың әзірге қай қызметке тағайындалатыны белгісіз.

28 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінің жетекшісі ретінде Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаевты тағайындаған. Оның орнына облыс әкімі болып Қуанышбек Искаков келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG