Accessibility links

Теңізде жұмысшылардың ереуілге шыққаны хабарланды


Теңіз кенішіндегі жұмысшылар ауылы. Көрнекі сурет.
Теңіз кенішіндегі жұмысшылар ауылы. Көрнекі сурет.

29 маусымда Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз жұмысшылар ауылында таңертеңгі сағат 11 шамасында Consolidated Contracting Engineering and Procurement S.A.L Offshore (CCEP) компаниясының жұмысшылары наразылыққа шыққан. Бұл ақпаратты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

"[Жұмысшылар] Ливия азаматы Eli Daoud-тың WhatsApp-та жариялаған қызбен бірге түскен суретіне наразы болған" деп жазылған әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпарат бойынша, оқиға орнында полиция мен прокуратура жүр. Теңізге облыс әкімі, облыстық полиция бастығы, ҰҚК департаментінің жетекшісі, облыс прокурорының келгені хабарланды.

29 маусымда әлеуметтік желіде "униформа киген жұмысшылардың бірнеше азаматты ұрып-соққаны" туралы видео тараған еді. Азаттық тілшісі сөйлескен аты-жөнін айтпаған жұмысшылардың бірі "жұмысшылардың көптен бері жұмыстағы теңсіздікке байланысты ызыланып жүргенін", "WhatsApp-тағы суреттен кейін шыдамай наразылыққа шыққанын" айтқан еді. Оның айтуынша, наразылыққа 15 мың жұмысшының бәрі шыққан.

Оқиға кезінде CCEP компаниясының бірнеше жұмысшысы жараланып, ауруханаға түскен.

Азаттық "Теңізшевройл" компаниясына хабарласқанмен жауап ала алмады. Жергілікті полиция оқиғаны зерттеп жатқанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG