Ресей әскері жақын арада әуе шабуылынан қорғанудың жаңа жүйесімен жарақтандырылады. Бұл туралы "Россия-1" телеарнасына "Ростех" мемлекеттік корпорациясы басшысы Сергей Чемезов хабарлады.
"Алмаз-Антей" концерні жасап жатқан С-500 жүйесі – зенит-зымыран кешендерінің жаңа буынына жатады. Онда баллистикалық және аэродинамикалық нысандардың көзін жоюда екі бөлек принцип қолдану қарастырылған.
Жүйенің басты мақсаты – баллистикалық зымырындардың 3500 шаршы метр қашықтық, қажет болған жағдайда құрлықаралық баллистикалық зымырандарды траекторияның соңғы бөлігінде қағып түсіру.
Бұған қоса С-500 жүйесі гипердыбыстық жылдамдықты қанатты зымырандар, ұшақ мен әскери дрондардың көзін жоюға арналған.
ПІКІРЛЕР