Accessibility links

Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды


Қазақстан картасындағы Ақтөбе облысы.

Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында көлік апатынан Өзбекстанның бір азаматы қаза тауып және екеуі ауруханаға түскен.

Өзбекстанның Ақтаудағы консулдығының хабарлауынша, оқыс оқиға 29 маусымда кешке болған. Соғылған үш көліктің екеуінде Өзбекстанның 11 азаматы отырған.

Өзбекстанның бір азаматы қайтыс болып, екі өзбекстандық Хромтау ауруханасына жеткізілген. "Олардың жағдайы қалыпты" дейді консулдық өкілдері.

Өзге сегіз өзбекстандық Хромтау қаласындағы "Шерхан" кемпингіне жеткізілген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG