Accessibility links

Қатерлі ісікке шалдыққан сотталушы Құдабаева колонияға қайта оралды


Қарауылдар науқас тұтқын Гаухар Құдабаеваны ауруханаға әкеле жатыр. Өтеген батыр ауылы, Алматы облысы, 20 маусым 2019 жыл.
Қарауылдар науқас тұтқын Гаухар Құдабаеваны ауруханаға әкеле жатыр. Өтеген батыр ауылы, Алматы облысы, 20 маусым 2019 жыл.

Қатерлі ісік дертіне шалдыққан Гаухар Құдабаеваны 1 шілдеде Алматы облысы Жауғашты кентіндегі ЛА-155/4 әйелдер колониясына қайта әкелді. Ол 27 маусым – 1 шілде аралығында Алматы қаласындағы онкологиялық диспансерге жатып, химиотерапеяның алғашқы курсын алған. Бұл туралы Азаттыққа Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті медициналық көмек бөлімінің жетекшісі Нұргүл Дайырбекова айтты.

Оның сөзінше, «Құдабаеваның алдағы ем-домы қалай жалғасатыны анализдер мен тексеріс қорытындысына байланысты болады. Анализдердің нәтижесі 28 күннің ішінде шығады. Одан кейін екінші рет химиотерапия алуы мүмкін».

Құдабаева туыстарына «химиотерапеядан кейін ауруы жиі мазалап жүргенін» айтқан. Туыстарының сөзінше, дәрігерлер химиотерапеядан кейін мұндай болатынын жеткізген.

Онкологиялық диспансер дәрігерлері Гаухар Құдабаеваның ауруханадан шыққанын растады, бірақ оның емі жайлы ешқандай мәлімет бермеді.

11 маусымда дәрігерлер Гаухар Құдабаеваға қатерлі ісік диагнозын қойған. 20 маусымда Құдабаева жедел жәрдем көлігі Алматы облысы Өтеген батыр кентіндегі Орталық ауруханаға жеткізген. Бұл ауруханада ол тексерілген. Худабаева қазір төсек тартып жатыр. Өздігінен жүріп, қозғала алмайды.

Оқи отырыңыз: "Ем жоқ. Дертім жанымды жейді". Қамаудағы сырқаттың күні

Жауғашқы кентіндегі түрме әкімшілігі Құдабаеваның қамалғанға дейін дерті болғанын айтады.

2016 жылы Гаухар Құдабаева есірткіге байланысты қылмыс жасады деген айыппен 15 жыл бір айға сотталған.

Өткен наурыз айында АҚШ үкіметі 2018 жыл бойынша әлемдегі адам құқықтары туралы есебін жариялаған. Құжаттың 44 беті Қазақстанға арналған. Құжатта Қазақстан түрмелеріндегі адам төзгісіз ахуал сипатталып, қамау орындарындағы денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық стандартқа сай еместігі көрсетілген. Есеп бойынша, Қазақстандағы түрмелерде жазасын өтеушілердің денсаулық жайына жеткілікті назар аударылмайды, мамандар мен дәрі-дәрмек жетпейді.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG