Accessibility links

Кабулдағы жарылыстан алты адам қаза тапты


Жарылыс болған жер. Ауғанстан, Кабул, 1 шілде 2019 жыл.
Жарылыс болған жер. Ауғанстан, Кабул, 1 шілде 2019 жыл.

1 шілдеде Ауғанстан астанасы Кабулда жарылғыш зат орнатылған автокөлік жарылып, төрт бейбіт тұрғын мен екі әскери қаза тапқан. Жергілікті билік кемінде 116 адамның жараланғанын хабарлады.

Пули Махмуд Хан ауданындағы қорғаныс министрлігі ғимаратының жанында болған жарылыс екі жарым шақырымға дейін қашықта сезілген. Жарылыстан соң әскерилер мен содырлар арасында атыс болған. Бір сағатқа созылған атыста "бес содыр оққа ұшты" деп хабарлады Ауғанстан қорғаныс министрілігі.

"Талибан" қозғалысы жарылысқа жауапкершілікті алатынын мәлімдеді.

Қазіргі кезде Катарда АҚШ пен "Талибан" өкілдері кездесіп, Ауғанстанда 18 жылға жалғасқан соғысты тоқтату мәселесін талқылап жатыр. Жарылыс осы кездесудің үшінші күні болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG