Accessibility links

Нұр-Сұлтан соты бақылаушының шағымын қайта қарауға жіберді


Марат Дәрібаев (сол жақтан санағанда екінші) сотта сөйлеп тұр. Нұр-Сұлтан, 3 шілде 2019 жыл.
Марат Дәрібаев (сол жақтан санағанда екінші) сотта сөйлеп тұр. Нұр-Сұлтан, 3 шілде 2019 жыл.

3 шілдеде Нұр-Сұлтандағы Астана қалалық соты 9 маусымдағы Қазақстан президентін сайлау кезінде заң бұзылғанына шағымданған бақылаушы Марат Дәрібаевтың шағымын қайта қарауға жіберді.

14 маусымда Дәрібаев өзі бақылаушы болған сайлау учаскесінде заңсыздықтар болғанын айтып, Нұр-Сұлтандағы Алматы аудандық сотына шағым түсірген. Ол өз арызында «сайлау учаскесінің өкілдері 300-дей дауыс беру қағазына президенттікке кандидат болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың аты жазылған тұсқа белгі соғылып, дайындалып қойғанын» жазған. Бақылаушы заңсыздықты телефон камерасына түсіріп, видеоны әлеуметтік желіге жариялаған.

Ал 17 маусымда арызды қараған Нұр-Сұлтандағы Алматы аудандық соты шағымдану мерзімінің өтіп кеткенін желеу етіп, істі қараудан бас тартқан. Аудандық сот «Сайлау туралы заңның» 49-бабына сүйген. Бұл заңда «сот сайлауға қатысты арыздарды бес күн ішінде қарайтыны» жазылған.

3 шілдегі сотта Астана қалалық сотының судьясы Ардақ Балағұмарова аудандық сот «Сайлау туралы заңның» 20-бабы 9-бөлімін ескермегенін, бұл бап бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысы 10 күн ішінде шағымдануға болатынын айтты. Судья Балағұмырова бақылаушының шағымының заңды екенін айтып, арызды аудандық сотқа қайта жіберді.

9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп, билік партиясы «Нұр Отанның» кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев 70 пайыздан артық дауыс жинап жеңіске жетті. Сайлау күні халық билікке, сайлауға қарсы наразылыққа шығып, полиция мыңдаған адамды ұстаған. Халықаралық ұйымдар сайлау күнгі полицияның әрекетін заңсыз деп сынады. Қазақстан орталық сайлау комиссиясы халықтың наразылығына қарамастан сайлау нәтижесін заңды деп тауып, 12 маусымда Тоқаев ант етіп, қызметіне кірісті.

Сайлаудан кейін көптеген бақылаушылар сайлау учаскелерінде заң бұзылғанын, бюллетеньдерді топтап тастау, алдын-ала белгіленіп қойған бюллетеньдер болғанын айтқан. Тәуелсіз бақылаушылардың бірі Серік Әбішев кейбір сайлау учаскесіндегі дауыс беру нәтижесін жоққа шығаруды талап етіп, сотқа шағымданған. Аудандық соттар олардың 60 шағымын қанағаттандырмай тастаған. Әбішев сот шешімдерін апелляцияға беретінін айтқан.

Видео: Бақылаушылар сайлау нәтижесімен келіспейді

"Дауысымызды ұрлады". Бақылаушылар сайлау нәтижесімен келіспейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00

19 маусымда Қазақстан бас прокуратурасы 9 маусымдағы президент сайлауында заң бұзылмағанын, дауыс беру заңға сай өткенін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG